ERG алғаш рет халықаралық рейтиңге ие облигациялар шығарады

Eurasian Resources Group 100 миллион АҚШ долларына дейінгі сомаға, үш жыл мерзімге кепілдендірілген купонды облигациялар шығаратынын хабарлап отыр.

Еске салайық, бұл – халықаралық несие рейтиңі бар, Қазақстан заңнамаларына сәйкес шығарылатын алғашқы мемлекеттік емес облигация.

Облигацияны ERG құрамындағы еліміздегі жалғыз бастапқы алюминий өндіруші — «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ шығарады. Шығарылым «Қазақстан даму банкі» АҚ-ның кепілдігімен жүзеге асады және Қазақстан қор биржасында (KASE) орналастырылады. Әр облигацияның құны — 1 000 доллар. Купондық төлемдер жарты жыл сайын төленіп отырады, ал негізгі қарыз сомасы үш жылда бір реттік төлеммен өтеледі.

Moody’s рейтиң агенттігі бұл қаржы құралын «Baa1» инвестициялық деңгейімен бағалады. ERG бұл бастама арқылы қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, өндірістік қуатты арттыруға және ұзақмерзімді даму бағдарламаларын жүзеге асыруға ниетті.

ERG директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимовтың айтуынша, бұл – компания тарихындағы алғашқы жария облигациялық шығарылым. «Қазақстан даму банкімен» бірлескен бұл қадам Қазақстанда жаңа қаржы сегментінің қалыптасуына жол ашып, отандық компанияларға қосымша инвестициялық мүмкіндік береді.

Облигацияларға «Қазақстан даму банкі» кепілдік беруі – инвесторларға жоғары деңгейдегі сенімділік тудыратын маңызды фактор. Ал облигациялармен есеп айырысу қызметін «Құнды қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ атқарады.

Еске салайық, Қазақстан электролиз зауыты 17 жылдан бері халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы алюминий өндіреді. Зауыт өнімдері ішкі нарықпен қатар, алыс және жақын шетелге экспортталады.

Оқи отырыңыз

Қазақстан ферроқорытпа өндірісінде әлемдік рекорд орнатты

Ақтөбе қаласында орналасқан ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ ферроқорытпа зауыты әлемдік рекорд жаңартты. Зауытта бір ғана технологиялық цикл барысында №43 электр доғалы пешінен 177...

ERG баспана арқылы жұмысшыларға үміт, отбасыға тұрақтылық сыйлайды

«Үйі жоқтың – күйі жоқ» дейді халық. Ал тұрақты жұмысы мен жайлы баспанасы бар адамның өмірге деген сенімі артады. Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы...

ERG Рудныйдағы ауруханаға заманауи медициналық жабдық тарту етті

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Eurasian Resources Group Рудный көпсалалы қалалық ауруханасына Германияда жасалған жоғары дәлдіктегі уретерореноскоп сатып алуға арналған сертификат табыстады. Өңірдегі медицина инфрақұрылымын...