ERG жаңа оқу жылында моноқалалардағы екі мектепке инвестиция жасады

Ақсу мен Хромтау қалаларындағы екі мектеп жаңа оқу жылын күрделі жөндеуден өтіп, толық қайта жабдықталған ғимараттарда қарсы алды. ERG компаниясы осы бағытқа 1,7 млрд теңгеден астам инвестиция құйды.

Eurasian Resources Group (ERG) «Туған қалаларымыздағы мектептерді жаңғырту» бағдарламасы арқылы еліміздегі жалпы білім беретін мектептерді жаңа деңгейге көтеріп келеді.

Жоба аясында Павлодар облысы Ақсу қаласында Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі толық жаңартылды. 1974 жылы салынған ғимарат 1 320 оқушыға арналған мектептің қасбеті жаңартылып, спорттық және ойын алаңдары салынды, аумағы абаттандырылды. Сыныптарға 3D-принтерлер, заманауи зертханалар, компьютерлендірілген тігін машиналары мен әмбебап станоктар орнатылды.

Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы №2 гимназия да қайта жаңғырды. 800 оқушыға арналған мектепте жиһаздар жаңартылып, STEM-бағытына басымдық берілді. Робототехника кабинеттері, Arduino жинақтары мен цифрлық зертханалар іске қосылды.

Фото: ERG

Мектептердің акт залдары LED-экрандармен, кәсіби жарық және акустика жүйелерімен жабдықталды. Сонымен қатар бейнебақылау жүйелері орнатылды. Жобаның құны Ақсуда – 1,5 млрд теңге, ал Хромтауда – 200 млн теңгеге жуықтады.

ERG бас директоры Серік Шахажанов жаңа оқу жылы қарсаңында: «Туған қалаларымыздағы» мектептерді жаңғырту – күрделі әрі стратегиялық маңызды міндет. Қазір тек заманауи жабдықтарды жеткізіп, инфрақұрылымды жаңарту аз. Басты мақсат – балаларға бәсекеге қабілетті білім беру. Бұл болашақта оқушылардың келешегіне нық іргетас болады. Біз тек жайлы жағдай жасаумен шектелмей, заманауи білім беру ортасын қалыптастырамыз. Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыра отырып, білім беру саласын дамыту қамындағы мемлекеттік бағдарламаларды қолдап, мұндай жобалар Қазақстанның келешегін нығайтарына сенімдіміз, – деді.

Қостанай облысының Рудный қаласында жаңа буынның мектеп гимназиясы салынды. Инновациялы мектеп 1 200 оқушыға арналған. Жаңа нысанда қауіпсіздіктен бастап, білім беру процесінің жалпы тұжырымдамасына дейінгінің бәрі жіті ойластырылған. Бұл Қазақстандағы нақты кәсіпорындағы жұмысқа кәсіби бағдар беретін жалғыз мектеп. Білім беру ұйымының жалпы аумағы – 19 590 шаршы метр, яғни елдегі ең үлкен мектептер қатарында. «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған бұл нысан соңғы 3 жылда ERG қаражатына бой көтерген осымен үшінші мектеп.

Жаңа оқу жылынан бастап бұл үш мектепте (Ақсу, Хромтау және Рудный гимназиясында) «ERG мектебі» бағдарламасы іске қосылды. Оның аясында білім беру сапасын арттыруға бағытталған жаңа технологиялар енгізіліп, «Teach for Qazaqstan» қоғамдық қорымен серіктестік орнатылды. Осы бастама арқылы жас кәсіби мамандар сабақ беруге тартылып, ұстаздар мен ата-аналарға арналған оқыту бағдарламалары жүзеге аспақ. Сондай-ақ, сингапурлық мемлекеттік мектептермен тәжірибе алмасу көзделген.

Жалпы алғанда, ERG 2025 жылы еліміздің ондаған білім беру мекемелерін жаңғыртуға 15 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

Оқи отырыңыз

Лисаков қаласында «Tugan Qala ERG» форумы өтті

Алпауыт компанияның дәстүрлі іс-шарасы қаланы көркейтуге бағытталған әлеуметтік жобаларды қорытындылауға арналды. Лисаков халқына ERG қолдауымен жүзеге асқан игі бастамалар таныстырылды. Кеншілер кентінде «Tugan Qala»...

ERG Қазақстандағы ірі «жасыл» энергетика жобаларының бірі «Хромтау» ЖЭС-ті іске қосты

Eurasian Resources Group (ERG) Қазақстандағы ең ірі жаңартылатын энергетика жобаларының бірі – қуаты 150 мегаватт «Хромтау» жел электр станциясының құрылысын толық аяқтады. 74 млрд теңгеден...

ERG қолдауымен Рудныйда балаларға арналған инклюзия кабинеттері ашылды

Рудный қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетуге арналған жаңа кабинеттер пайдалануға берілді. Игі бастама Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының қолдауымен өткен «Run...