Ақсу электр станциясында Орталық Азиядағы алғашқы инновациялық сүзгілер орнатылады

ERG компаниясы Даниялық Fujian Longking Co., Ltd компаниясымен келісімге қол қойып, Орталық Азияда алғаш рет энергия өндіруші кәсіпорында гибридті сүзгілерді енгізетін болды. Бұл туралы «Экология және өндіріс: орнықты болашаққа апарар жол» тақырыбында өткен III ECOJER аймақаралық форумында айтылды. Жаңа жоба бойынша ERG құрамындағы «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның Ақсу электр станциясының №4 және №7 энергия блоктарына заманауи үш гибридті сүзгі орнатылады. ERG компаниясы бұл бастамаға 13 млрд теңгеден астам қаржы құяды.

Гибридті сүзгіде әуелі шаңды ауа электрлік секцияда тазартылады, одан кейін жеңдік сүзгілер (қап сүзгілері) арқылы толық сүзілетін болады. Екі кезеңнен тұратын бұл әдіс — халықаралық талаптарға толық жауап беретін ең озық әдістердің бірі.

«Мемлекет басшысы 8 қыркүйектегі Жолдауында көмір энергетикасында озық экотехнологияларды қолдану қажет екенін айтты. Бүгін қол қойылған келісім осы міндетке сай келіп отыр. Біз 2018 жылдан бері экологиялық стратегиямызды жүйелі түрде жүзеге асырып келеміз. 2030 жылға дейін осы бағыттағы жобаларға 282 млрд теңге инвестиция құюды жоспарлап отырмыз», – деді ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов.

Ал Fujian Longking компаниясының бас директоры Хуан Вэй бұл жобаның Орталық Азиядағы алғашқы тәжірибе екенін айтты.
«ERG-мен бірлесе отырып, Қазақстан энергетикасына жаңа серпін береміз. Ақсу электр станциясындағы жоба – көмір энергетикасын «жасыл» арнаға бұрудың үлгісі болады», – деді ол.

ERG компаниясы бұған дейін елімізде алғаш рет «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның ЖЭО-на жеңдік сүзгі технологиясын енгізген болатын. Павлодар алюминий зауытында да гибридті сүзгілер орнатылып, ауа сапасын жақсартуға үлес қосып келеді.

Оқи отырыңыз

Дөң тау-кен байыту комбинаты үздік кәсіпорын атанды

Астанада өткен «Кәсіби маман» республикалық байқауында ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинаты «Кадр даярлауға қатысушы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша...

«Соколовская» шахтасында жаңа вагонаударғыш іске қосылды

ERG құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндіріс бірлестігі «Соколовская» шахтасында жаңа вагонаударғыш салып, пайдалануға берді. Жоба 2024 жылғы қазанда басталып, кейінгі жылдағы өндірістегі ең маңызды техникалық жаңарту...

ERG Jumys Party фестивалінде Павлодар тұрғындарына 200-ден астам жұмыс орнын ұсынды

Павлодарда ERG құрамындағы «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ және «ERG Service» ЖШС алғашқы кәсіби бағдар беру шарасы Jumys Party фестивалін өткізді. Бұл фестивалде...