ERG металлургия өндірісіне жасанды интеллект жүйесін қалай енгізді?

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірістік үдеріске жасанды интеллект жүйесін енгізу жобасы іске қосылып, пилоттық режимдегі бастама №64 кен термиялық пеште басталды. Жобаның алғашқы кезеңі сәтті аяқталып, үш айлық деректер жиналып, Big Data талдауы жасалды. Сарапшылардың айтуынша, қолдағы мәліметтер ЖИ-дің ұсыныс жасайтын моделін құруға мүмкіндік береді. Бұл технология болашақта өндірістік процестерді тұрақтандырып, өнімділікті арттырып, энергия үнемдеуге әрі апаттардың алдын алуға көмектеседі.

ERG Ғылыми-зерттеу инжиниринг орталығының жобалық жетекшісі Руслан Ескендиров бұл қадам жай ғана тренд емес екенін айтады.
«Қазір тау-кен металлургия кешенінде ЖИ енгізу – жай ғана тренд емес, бәсекеге қабілеттілік пен өндірістік қауіпсіздіктің негізгі шарты. Біздің қағидамыз қарапайым: датчик → дерек → модель → өлшенетін KPI», – дейді ол.

Жобаға ERG-дің ҒЗИО, IT еншілес компаниясы BTS, «Қазхром» және металлургия департаментінің мамандары қатысып жатыр. Халықаралық тәжірибесі бар технологиялық серіктес те тартылған. Болашақта технологиялық процесті басқару үшін 10 түрлі ЖИ-модуль енгізіледі.

Пилоттық жобаның келесі кезеңінде №64 пештің жұмысын басқаруға арналған цифрлық модульдер әзірленіп, қолданыстағы автоматтандырылған жүйеге қосылады. Жоба нәтижелі болса, тәжірибе зауыттағы басқа пештерде де қолданылатын болады.

Оқи отырыңыз

ERG компаниясы үздік жеткізуші-серіктестерін марапаттады

Eurasian Resources Group қалыптасқан дәстүр бойынша жыл соңында компанияның үздік жеткізуші-серіктестерін марапаттады. Биыл ERG кәсіпорындарына тауар жеткізіп, жұмыс пен қызмет көрсеткен барлық жеткізушілер ERG...

ERG жаңа кезеңі: Жапония конгломераттарымен келісім компанияны қалай дамытады?

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары аясында Eurasian Resources Group (ERG) жапонның жетекші конгломераттары – Mitsubishi, Hitachi және Mitsui компанияларымен келісімге қол...

Өндіріс басшысының ерекше өмірлік пәлсапасы

Таңғы бесте оянатын әдет… Фабрика қақпасынан естілетін үн… Жұмысшылардың табаны тиген жер… Бір кездері бала арманын тербеткен сол көріністер бүгінде оның өмір жолын айқындаған...