Рудныйда «жасыл» металлургия зауыты салынады

Eurasian Resources Group (ERG) Австрияның Primetals Technologies Austria GmbH және АҚШ-тың Midrex Technologies Inc. компанияларының консорциумымен стратегиялық келісімшартқа қол қойды. Келісім бойынша Рудный қаласында ыстық брикеттелген темір өндіретін жаңа зауыт салынады.

Жоба аясында егжей-тегжейлі инжиниринг пен негізгі технология жабдықтарын жеткізіледі. Болашақта бұл нысан Орталық Азиядағы жаңа буынды экологиялық таза металлургия өндірісі орталығына айналады.

Зауытта Midrex технологиясы қолданылады. Ол дәстүрлі домна өндірісіне қарағанда экологиялық жағынан әлдеқайда тиімді. Мұнда кокстың орнына табиғи газ пайдаланылады, ал өнім құрамындағы темір үлесі 90%-дан жоғары болады.

ERG Директорлары кеңесінің төрағасы, Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов

«Бүгін жасалған келісім – Қазақстан металлургиясының жаңа кезеңі. Біз экспортқа жол ашатын, жаңа жұмыс орындарын құрып, жоғары білікті кадрлар дайындайтын өндіріс орнын саламыз», – деді ERG Директорлар кеңесінің төрағасы, Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов.

Зауыт жобасын ERG-дің еншілес кәсіпорны – «QazIron ERG» ЖШС іске асырады. Өндірістік қуаты – жылына 2 миллион тонна, инвестиция көлемі – 655 млрд теңге. 2029 жылы іске қосу жоспарланған. Жаңа өндіріс 1000-нан астам жұмыс орнын ашпақ.
Primetals Technologies вице-президенті Андреас Фибек бұл жобаның экологиялық тиімді екенін атап өтті.

«MIDREX Flex шешімдері көміртегі ізін 50%-ға дейін азайтады. Бұл – болашақтың металлургиясы», – деді ол. Жаңа зауыт іске қосылғанда Қазақстан жаһандық болат нарығына экологиялық таза өніммен шығатын алғашқы елдердің бірі болады.

ERG Директорлары кеңесінің төрағасы, Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов

Оқи отырыңыз

Дөң тау-кен байыту комбинаты үздік кәсіпорын атанды

Астанада өткен «Кәсіби маман» республикалық байқауында ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинаты «Кадр даярлауға қатысушы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша...

«Соколовская» шахтасында жаңа вагонаударғыш іске қосылды

ERG құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндіріс бірлестігі «Соколовская» шахтасында жаңа вагонаударғыш салып, пайдалануға берді. Жоба 2024 жылғы қазанда басталып, кейінгі жылдағы өндірістегі ең маңызды техникалық жаңарту...

ERG Jumys Party фестивалінде Павлодар тұрғындарына 200-ден астам жұмыс орнын ұсынды

Павлодарда ERG құрамындағы «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ және «ERG Service» ЖШС алғашқы кәсіби бағдар беру шарасы Jumys Party фестивалін өткізді. Бұл фестивалде...