ERG металдар дәуірі қайта басталады деген болжам жасады

Eurasian Resources Group (ERG) сарапшылары негізгі металл нарығына байланысты болжамын ұсынды. Олар жақында әлемдік нарықта мыс, алюминий және хром тапшылығы күшейетінін айтады. Бұл тенденция энергетикалық ауысу, индустрияландыру қарқыны мен «жасыл» металлургияның дамуы сияқты жаһандық үрдістермен тікелей байланысты.

ERG Директорлар кеңесінің төрағасы әрі Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимовтің айтуынша әлем экономикасы жаңа кезеңге аяқ басты және бұл кезеңде экономиканың негізгі қозғаушы күші – мыс, алюминий және хром.

Дамушы елдерде индустрия мен энергетикадағы ауысым қарқыны үдеген сайын мыс, алюминий, хром мен экологиялық таза болатқа сұраныс арта береді. Осылайша тапшылық пайда болады. Сондықтан біздің компания өндіріс желісін жетілдіру үшін жүйелі жұмыс істейді. Шығыстарды оңтайландырып, өндіріс қуатын барынша жүктеуге талпыну – ERG 2024 жылs қабылдаған жаңа стратегияның бір тармағы. Стратегия негізгі кәсіпорындарға инвестиция салуды көздейді. Мыс, алюминий және хром – болашақ экономиканың негізі. Энергетикадағы трансформация, инфрақұрылым мен көлік секторының жаңаруы бұл металдарға деген сұранысты арттырып отыр. Сондықтан біз өндіріс желісін жетілдіріп, жаңа технологияларға көбірек инвестиция құюымыз керек, – деді ол.

Мыс нарығындағы тапшылық 2027 жылға дейін жалғасады

Биыл LME (Лондон металдар биржасындағы) биржасында мыс бағамы айтарлықтай құбылып тұр. 2025 жылдың бірінші тоқсанында шамамен 11% өсті. Сәуірдің басында күрт құлдырап кетті. Бұған АҚШ әкімшілігінің жаңа тариф шаралары туралы жарияланымдары себеп болды. Сол сәтте ол тоннасына 9 800 АҚШ долларынан 11% төмендеп, бір тонна мыс 8 800 болды. Кейін баға біртіндеп қайта көтеріліп, бұрынғы межесіне жетті. Бұған әуелі АҚШ пен Қытай арасындағы сауда байланысының жақсаруы, нарықтағы ұсыныстың шектеулі екендігі, соның ішінде шалғайдағы кен орындарынан мыс жеткізілімдерінде үзілістердің бары да әсер етті.

ERG сарапшыларының дерегі бойынша, биыл мысқа деген сұраныс былтырмен салыстырғанда 2,4%-ға өсті. Бұл – әлемдік энергия алмасу, энергетика желісін жаңғырту мен электр көліктерінің көбеюіне байланысты. 2025–2030 жылдары мысқа сұраныс жыл сайын орта есеппен 2,4% өсіп отырады. Ал тапшылық кемі 2027 жылға дейін сақталады. Сондықтан мыс өндірісін ұлғайту үшін жаңа жобалар қажет. Алайда бұған қажет инвестиция көлемі әлі жеткіліксіз. Осы онжылдықта мыс бағасы тоннасына 10 000 АҚШ долларынан жоғары болуы ықтимал.

ERG-дің пікірінше, мыс бағасының динамикасы әлем экономикасының «денсаулығын» көрсететін негізгі индикаторлардың бірі болады.

Алюминийге сұраныс артуы мүмкін бе?

2025 жылы алюминий бағасы 7% өсті. Бұл металл құрылыс, көлік, электротехника және машина жасау салалары үшін негізгі шикізатқа айналған. Болашақта алюминий бағасының өрлеуіне осы қарқынды ұлғайып келе жатқан перспективалы салалар сеп болады. Әсіресе жаңғыртымды қуат көздері (мәселен, күн энергетикасы) саласында сұраныс артуы мүмкін. Бұл салада алюминий болаттан кейінгі аса қажет металл. Электромобильдер нарығы, деректерді өңдеу орталықтары да аса жоғары қарқынмен дамып келеді. Бұл сала да жеңіл әрі берік материалдарға көшуге ынталы.

ERG сарапшылары алюминийді әлі де болса толық бағаланбаған актив деп санағанымен, болашағына сенімді. Қазір әлемдік нарықта ұсыныс сұраныстан көп болғанымен, бұл құбылыс уақытша дейді мамандар.

«Болашақ» шахтасының болашағы

ERG өндіретін негізгі өнімнің бірі – хром. Алайда әлемдік ферроқорытпа нарығында құбылмалы динамика сақталып отыр. Оңтүстік Африка Республикасынан басқа аймақта хром кенін өндіруге бағытталған жаңа бастама жоқ. ERG осы бағытта «Болашақ» шахтасы жобасын жүзеге асырды. «Болашақ» шахтасы – кейінгі жылдардағы ірі бастамалардың бірі. Компания өндіріс көлемін арттырып, жаңа технологияларды енгізу арқылы нарықтағы тапшылықты азайтуға үлес қосып келеді.

Феррохром өндірісіне сұранысты арттыруға тот баспайтын болат өндірісі әсер етеді, ол 2024 жылы 6,2% өсті. 2025 жылы өсім 2,4% ғана болды. Алайда сұраныстың негізгі ұзақмерзімді факторлары тұрақты. Бұған урбанизация, орта кластың тұтыну мөлшерінің өсуі мен энергетика және химия салаларындағы өнеркәсіптің орнықты сұранысы себеп.

Темір кенінің құны тұрақсыз

Темір кені нарығы биыл тұрақсыз болды. Биыл темір кенінің бағасы тоннасына 100 АҚШ долларынан да төмендеген сәттер де кездесті. Құлдыраған бағам тек соңғы 2-3 айда қайта орнына келді.

ERG ерекше назар аударып отырған бағыттардың бірі – ыстық брикеттелген темір (ЫБТ) өндірісі. Бұл технология көмірдің орнына табиғи газ қолданатын, экологиялық таза болат алуға мүмкіндік береді.

Компанияның мәліметінше, ЫБТ өндірісінің жыл сайынғы өсім қарқыны алдағы онжылдықта 5–8% деңгейінде сақталады.

«Жасыл» стратегия және орнықты даму

ERG 2024 жылы қабылдаған жаңа стратегиясы аясында өндірісті экологиялық жаңғыртуға, энергия тиімділігін арттыруға және қосылған құны жоғары өнім шығару бағыттарына басымдық беріп отыр.

Біздің мақсатымыз – табиғатқа жауапты, инновацияға ашық компания ретінде орнықты даму жолында болу. Біз жаңа буынның металлургиясына инвестиция құямыз, – дейді Шухрат Ибрагимов.

Оқи отырыңыз

Рудныйда «жасыл» металлургия зауыты салынады

Eurasian Resources Group (ERG) Австрияның Primetals Technologies Austria GmbH және АҚШ-тың Midrex Technologies Inc. компанияларының консорциумымен стратегиялық келісімшартқа қол қойды. Келісім бойынша Рудный қаласында...

«Келешек мектебінің» ERG арқылы іске асқан моделі жаңа буын ұстазының көзімен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев іске қосқан «Келешек мектептері» ұлттық бастамасы аясында салынған заманауи оқу ордасы қандай болады? «Келешек мектебінің» ұстаздары ше? Оқушылар мен ата-аналар...

ERG металлургия өндірісіне жасанды интеллект жүйесін қалай енгізді?

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірістік үдеріске жасанды интеллект жүйесін енгізу жобасы іске қосылып, пилоттық режимдегі бастама №64 кен термиялық пеште...