Рудныйда жұмысшы мамандықтар мен Абай мұрасына арналған мурал ашылды

Рудныйдағы ERG Service Жөндеу-механикалық металл илемдеу зауыты аумағында көлемі 440 шаршы метр жаңа мурал ашылды. Арт-нысан бірден үш маңызды тақырыпты қамтыды. Қазақстандағы «Жұмысшы мамандықтар жылы», Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы және ERG Service компаниясының 10 жылдығына арнайы ашылды.

Бірінде зауыт қызметкерлерінің фотосуреттерінен жұмысшы бейнесі жасалса, қасындағы қабырғада ұлы ойшыл Абайдың еңбек туралы нақыл сөзі жазылған.

“Мурал арқылы біз ел өндірісін өрге сүйреген адамдарға құрметімізді білдіргіміз келді. Бұл өнер туындысы өндірістің қуаты мен мәдени тереңдігін қатар бейнелейді”, – деді ERG Service ЖШС бас директоры Олжас Рахметов.

Муралдың концепциясы 10 күнде дайындалып, жұмыс екі аптаға созылған. Сурет индустриялық конструктивизм стилінде, түстер палитрасы металл мен жалын реңктерінен тұрады. Жоба барысында 135 литр фасад бояуы қолданылды. Мурал беті жаңбырдан кейін өздігінен тазаратын ерекше қаптамамен жабылған.

“Мурал тек зауыт аумағын көркейту үшін емес, қызметкерлерге еңбегінің маңызын еске салып тұру үшін салынды. Күн сайын оны көрген әр қызметкер өз ісінің маңызын сезінеді”, – деді ЖММЗ директоры Алмат Абдықалықов.

Жоба ERG компаниясының кәсіпорындарында жүзеге асырылып жатқан визуалды арт-нысандар сериясының жалғасы. Бұған дейін осындай муралдар Павлодар мен Лисаков қалаларында салынған.

Оқи отырыңыз

ERG мен ЗМК Қашар карьеріне арналған думпкар жеткізу туралы меморандумға қол қойды

Eurasian Resources Group (ERG) пен Ресейдің «Завод металлоконструкций» акционерлік қоғамы (ЗМК) Қашар карьеріне арналған думпкар жеткізу туралы меморандумға қол қойды. Келісім Қазақстан мен Ресей аймақтарының...

ERG Skills International байқауы шеберлік шекара талғамайтынын көрсетті

«Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады» деген қазақ мақалы бар. Ал ERG Skills International кәсіби шеберлік байқауы өндіріс маманы еңбек алаңында шынығатынын көрсетті. Павлодар облысының...

ERG және BTS қызметкерлері «Үздік цифрландырушы» атанды

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ERG және BTS компаниясының бес маманын саладағы ең жоғары марапаттардың бірі – «Үздік цифрландырушы» медалімен марапаттады. Медаль Астанада Цифрландыру...