ERG мен ЗМК Қашар карьеріне арналған думпкар жеткізу туралы меморандумға қол қойды

Eurasian Resources Group (ERG) пен Ресейдің «Завод металлоконструкций» акционерлік қоғамы (ЗМК) Қашар карьеріне арналған думпкар жеткізу туралы меморандумға қол қойды.

Келісім Қазақстан мен Ресей аймақтарының XXI форумы аясында Орал қаласында өткен келісімшарттар биржасында жасалды.

Меморандумның жалпы сомасы 15 миллион АҚШ доллары. Құжатқа ERG Коммерция орталығы сатып алулар департаментінің директоры Ойрат Тасқарин мен ЗМК бас директорының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Андрей Балашов қол қойды.

ERG мен ЗМК арасындағы B2B форматындағы жеке келіссөздер барысында тараптар өзара серіктестікті нығайтуға және іскерлік байланысты одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша 2026 жылдың алғашқы жартысында ERG-дің «Темір» дивизионына 87 думпкар жеткізу туралы шешім қабылданды. Жаңа теміржол көліктері Қашар карьерінде қолданылады.

ERG
Фото: ERG

ERG Коммерция орталығының бас директоры Руслан Мулюкбаевтың айтуынша, бұл келісім екі компания арасындағы сенімді серіктестіктің нәтижесі.

Бұл техника өндірісте өзінің қауқарлылығын дәлелдеді. Жаңа форматтағы тікелей серіктестік жұмыстың тиімділігін арттырады. Жаңа думпкарлар паркі Қашар карьеріндегі фабрика кешеніне темір кенін жеткізу тиімділігін арттырып, ERG-дің өндіріс көлемі мен дайын өнім сатылымын ұлғайтуға бағытталған стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді, — дейді ол.

Форум аясындағы келісімшарттар биржасын ұйымдастыруға «Корпорация МСП» АҚ, Ресей экспорт орталығы (РЭЦ) және QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ атсалысты.

Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан мен Ресей компаниялары арасындағы тікелей іскерлік байланысты дамыту, жаңа серіктестер табу, өндірісті жергілікті деңгейде ашу және экспорт пен импорттың жаңа мүмкіндіктерін кеңейту.

Оқи отырыңыз

Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері чемпионатта топ жарды

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкері Балғынбек Мырзабек WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында «Өнеркәсіп автоматикасы» бойынша бірінші орын...

Ақсу-1 теміржол станциясын реконструкциялау жобасы аяқталды

Павлодар облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыратын Ақсу-1 теміржол станциясын реконструкциялау жобасы толық аяқталды. Осылайша өңірдің көлік инфрақұрылымында маңызды жаңару кезеңі басталды. Жаңғыртылған нысан вагондар мен локомотивтердің...

Дөң тау-кен байыту комбинаты үздік кәсіпорын атанды

Астанада өткен «Кәсіби маман» республикалық байқауында ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинаты «Кадр даярлауға қатысушы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша...