Хромтауда ERG Корпоративтік университетінің жаңа кампусы ашылып, «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері мен өңірдің жас мамандары үшін заманауи білім беру мүмкіндіктері қолжетімді болды.
Енді мамандар өндірістегі жаңа технологияларды және цифрландыру құралдарын арнайы жабдықталған оқу орнында меңгереді.
Жаңадан ашылған кампус күрделі жөндеуден өтіп, толықтай жаңартылған үш қабатты ғимаратқа орналастырылды. Инвестиция көлемі шамамен 180 миллион теңге. Жөндеу жұмыстарын Дөң ТКБК жүзеге асырды.
Кампустың ішінде 18 оқу және жұмыс кабинеті, заманауи аудиториялар, қызметкерлерге арналған демалыс бөлмелері, кофе-пойнт және жаңа техникаға арналған жеке жаттығу-симулятор кабинеті бар. VR-технологиялар мен симуляциялық тренажёрлар өндірістік процестерді барынша шынайы ортада үйренуге мүмкіндік береді.
«Қазхром» ТҰК» АҚ-ның бас директоры Сергей Прокопьев кампустың өңір үшін маңызды екенін айтты.
Кампустың ашылуы – ең әуелі адамдарға жасалған инвестиция. Қызметкерлеріміз кәсіби біліктілігін дамытуы үшін барлық жағдай жасаймыз. Себебі кәсіпорынның тиімділігі ғана емес, тұтас өңірдің дамуы да кадр даярлау сапасына байланысты, – деді ол.

ERG Корпоративтік университеті 2023 жылы компанияның бірыңғай оқу орталығы базасында құрылған. Университеттің мақсаты – оқыту жүйесін орталықтандыру, цифрландыру және ERG кәсіпорындары үшін жоғары білікті мамандар даярлау. Қазір университет құрамында 5 академия, 120-дан астам ішкі тренер және Қазақстанның ірі өнеркәсіптік қалаларында орналасқан 11 фронт-офис бар.
Оқыту бағыттары: еңбекті қорғау, тау-кен ісі, геология, энергетика, экология, өндірістік жүйелер, техникалық қызмет көрсету, жоба басқару, көшбасшылық және цифрландыру.
ERG кәсіби дамыту экожүйесін мектептен бастап корпоративтік университетке дейін толық циклде жүйелі түрде қалыптастырып келеді. Білікті және ынталы маман – кез келген өндірістің басты қозғаушы күші, – дейді ERG-дің Қазақстандағы персонал және мәдениет жөніндегі директорының орынбасары Анастасия Круч.
Университет ашылғалы бері жүздеген оқу бағдарламасы әзірленіп, VR және AR симуляторлар енгізілді. Олар кран машинисі, автотүсіргіш жүргізушісі, бұрғылау қондырғысы операторы сияқты мамандықтарды қауіпсіз әрі тиімді форматта үйретеді.
2025 жылы ERG Корпоративтік университеті Қазақстан мен ТМД аумағында алғаш болып корпоративтік оқытудың сапасын бағалайтын халықаралық LIFT Learning Impact стандарты бойынша EFMD сертификатын алған оқу орталығы атанды.


