Ақтөбеде Ибрагим Еділбаев атындағы XVIII жастардың ғылыми-техникалық конференциясы өтті.
ERG құрамындағы «Қазхром» трансұлттық компаниясының дәстүрлі форумы жыл сайын жас мамандардың жаңа идеяларын ортаға салатын ең ірі алаңдардың біріне айналды. Биыл да Generation Kazchrome қатысушылары өндірістің болашағына бағытталған жүзден астам жаңашыл жобаны ұсынды.
Конференцияға ERG-дің Қазақстандағы түрлі кәсіпорындарынан келген 150-ден астам жас маман қатысты. Жоба авторлары ферроқорытпа өндіру, тау-кен ісі, экология, технологиялық процестерді жетілдіру, Digital & IT және автоматтандыру бағыттарында сегіз түрлі номинация бойынша жұмыстарын қорғады. Қатысушылар ұсынған 100-ден астам шешім компаниядағы инновацияны дамытуға дайындығын көрсетті.
2025 жылғы форум «Қауіпсіздік жылы» аясында өтті. ERG компаниясы еңбекті қорғау мәдениетін нығайтуға ерекше мән береді. Б иыл алғаш рет «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры Сергей Прокопьевтің атынан еңбек және өнеркәсіп қауіпсіздігіне арналған арнайы сыйлық тағайындалды. Марапат «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ мамандары Анастасия Клинк пен Данил Клинкке бұйырды. Олар «ыстық цехтарда жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша қорғаныс құралдарын енгізу» жобасы арқылы өндірістегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған нақты шешім ұсынды. Жеңімпаздарға заманауи смартфон табысталды.

Қатысушылардың қалыптан тыс ойлауы мені шынымен таңғалдырды. Олар жоба жасау үшін басқа кәсіпорындардың мәселелерін таңдап, соларды талдап, шешім ұсынды. Бұл ойлау деңгейінің кеңдігін көрсетеді. Осындай көзқарас саланы күшейтеді, – деді «Қазхром» ТҰК» АҚ Бас директоры Сергей Прокопьев.
Конференцияның алғашқы күні жас мамандар жобаларын сарапшылар тобы алдында қорғады. Бағалау комиссиясында кәсіпорын басшылары, жетекші инженерлер және сала мамандары болды. Олардың айтуынша, биылғы жұмыстардың сапасы ерекше жоғары болған.
Дөң тау-кен байыту комбинаты фабрикасының технологы Валентина Дикусарэ IT-жобалардың айтарлықтай артуын технологиялық өзгерістердің табиғи нәтижесі деп бағалады.
ІТ – қазіргі заман талабы. Біздің зерттеушілер бұл процестерді айналып өте алмайды. Биылғы конференция өте ауқымды өтті.
Кенді байытудың озық әдістері мен технологиялары» бағытының өзінде 19 жоба ұсынылды, — деді ол.
Екінші күні ERG Корпоративтік университетінің тренерлері мен компанияның ішкі сарапшылары шеберлік сабақтарын өткізді. Тренингтер кәсіби құзыреттілікті дамытуға бағытталды: креативті ойлау, сыни талдау, операциялық тиімділік және өндірістік жүйелерді жетілдіру бойынша практикалық сессиялар ұйымдастырылды. Қатысушылар цифрландыру мен автоматтандырудың өзіндік символын құрастырып, топ болып жұмыс істеу дағдыларын дамытты.
Іс-шараның тағы бір бөлігі – Ақтөбе ферроқорытпа зауытына экскурсия. Онда жас мамандар өндіріс барысын көріп, өз жобаларын нақты процеспен байланыстыруға мүмкіндік алды.
Generation Kazchrome – жыл сайын өтетін дәстүрлі жиын ғана емес, өндірістің болашағын айқындайтын идеялар тоғысатын платформа. Мұнда жаңа технологиялар талқыланады, цифрлық басқару жүйелері жетілдіріледі, экологиялық және қауіпсіздікке бағытталған әдістер ұсынылады. Биылғы конференция жас инженерлердің ойы мен жаңашылдығы ERG өндірістерін трансформациялауда маңызды рөл атқаратынын тағы бір мәрте дәлелдеді.


