ERG Jumys Party фестивалінде Павлодар тұрғындарына 200-ден астам жұмыс орнын ұсынды

Павлодарда ERG құрамындағы «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ және «ERG Service» ЖШС алғашқы кәсіби бағдар беру шарасы Jumys Party фестивалін өткізді.

Бұл фестивалде аймақтың жетекші кәсіпорындары 200-ден аса вакансияны ұсынды. Jumys Party жұмысқа орналасу мүмкіндігін ойын түріндегі интерактивпен, пайдалы сұхбатпен таныстырды.

«Қазақстан алюминийі» АҚ персонал және мәдениет жөніндегі директоры Александр Носовтың айтуынша, фестиваль тек бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі емес, нағыз отбасылық мерекеге айналды.

500-ден астам адам мастер-кластарға қатысып, түйіндеме жазуды, әңгімелесуден өтуді үйренді. Үміткерлер рекрутерлермен және компания қызметкерлерімен тікелей сөйлесті. ERG-да тұрақты жұмыс, әлеуметтік пакет және кәсіби даму мүмкіндігі бар. Негізгі сұраныс – жұмысшы мамандықтар, – деді ол.

Фото: ERG
Фото: ERG

ERG кәсіпорындарында ең қажет мамандықтар қатарында аппаратшы-гидрометаллургтер, слесарь-жөндеушілер, газ кесушілер, электрмонтерлер, жобалаушылар бар.

ERG Service компаниясы электрдәнекерлеушілерді, токарьларды және жүк тасушыларды іздесе, электролиз зауытында автоматтандырылған өндіріс операторлары мен жүргізушілерге сұраныс жоғары.

Фестиваль қатысушылары өндірістік цехтарға VR-көзілдірік арқылы виртуалды экскурсия жасап, компания туралы квизге қатысып, арнайы жұмыс киімін киіп көру мүмкіндігін алды.

Балаларға арналған ойындар, спорттық челлендждер мен ұтыс ойындары да болды. Бас жүлде жеңімпазына заманауи смартфон сыйға берілді.

Жеңімпаз атанған павлодарлық медбике «Тұрақты жұмысым бар, бірақ зауыттағы жалақы жоғары болғандықтан, жаңа мүмкіндік іздеп келдім. iPhone 17 ұтып алуды армандадым. Армандар орындалады екен!» деп ерекше қуанғанын жасырмады.

Оқи отырыңыз

Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері чемпионатта топ жарды

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкері Балғынбек Мырзабек WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында «Өнеркәсіп автоматикасы» бойынша бірінші орын...

Ақсу-1 теміржол станциясын реконструкциялау жобасы аяқталды

Павлодар облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыратын Ақсу-1 теміржол станциясын реконструкциялау жобасы толық аяқталды. Осылайша өңірдің көлік инфрақұрылымында маңызды жаңару кезеңі басталды. Жаңғыртылған нысан вагондар мен локомотивтердің...

Дөң тау-кен байыту комбинаты үздік кәсіпорын атанды

Астанада өткен «Кәсіби маман» республикалық байқауында ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинаты «Кадр даярлауға қатысушы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша...