«Соколовская» шахтасында жаңа вагонаударғыш іске қосылды

ERG құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндіріс бірлестігі «Соколовская» шахтасында жаңа вагонаударғыш салып, пайдалануға берді.

Жоба 2024 жылғы қазанда басталып, кейінгі жылдағы өндірістегі ең маңызды техникалық жаңарту болған. Жоба жерасты инфрақұрылымының ерекшелігіне байланысты ерекше инженерлік шешімді талап еткен.

Учаскенің үстінде 260 деңгейжиектегі №4 аударғыш, ал астында ұсату кешені орналасқан.

Мамандар жобаны жүзеге асыру үшін ескі құрылымдарды толық демонтаждап, қабырғаларды анкерлер мен металды конструкция арқылы күшейтіп, кейін тау жыныстарын кең көлемде тазартуға мәжбүр болған.

Ескі вагонаударғыш шамамен он жыл тұрған. Қарау кезінде бункер мен механизмдердің тозғаны анықталды, сондықтан нысан толығымен қайта салынды. Тек ротордың өзі 25 тонна болды, – дейді тау-кен шебері Дмитрий Мамро.

Шахта, кен орны
Фото: ERG

Бұл жобаға 20-ға жуық маман қатысты. №1 шахта ішіндегі көлік учаскесінің бастығы Алексей Михайлов жаңа қондырғының жұмысы өндірістегі тұрақтылыққа оң әсер еткенін айтып отыр.

330 деңгейжиекте үш учаске және екі ұсату кешені жұмыс істейді. Бірі жөндеуге тоқтатылса, екіншісі жұмысын жалғастыра береді. Аударғыш – кен тасымалдау тізбегінің басты буыны, – деді ол.

Жаңартылған жүйе бойынша кен алдымен аударғышқа түседі, артынша ұсату кешеніне жеткізіледі. Одан кейін мөлшерлегіш арқылы скиппен жер бетіне шығарылып, конвейермен қоймаға жөнелтіледі. Содан соң байыту фабрикасына жіберу үшін думпкарларға тиеледі. Қондырғының техникалық жағдайы үнемі бақылауда болады.

Жаңа вагон аударғыштың іске қосылуы тиімділік пен сенімділікке жол ашқан.

Оқи отырыңыз

ERG компаниясы үздік жеткізуші-серіктестерін марапаттады

Eurasian Resources Group қалыптасқан дәстүр бойынша жыл соңында компанияның үздік жеткізуші-серіктестерін марапаттады. Биыл ERG кәсіпорындарына тауар жеткізіп, жұмыс пен қызмет көрсеткен барлық жеткізушілер ERG...

ERG жаңа кезеңі: Жапония конгломераттарымен келісім компанияны қалай дамытады?

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары аясында Eurasian Resources Group (ERG) жапонның жетекші конгломераттары – Mitsubishi, Hitachi және Mitsui компанияларымен келісімге қол...

Өндіріс басшысының ерекше өмірлік пәлсапасы

Таңғы бесте оянатын әдет… Фабрика қақпасынан естілетін үн… Жұмысшылардың табаны тиген жер… Бір кездері бала арманын тербеткен сол көріністер бүгінде оның өмір жолын айқындаған...