Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері чемпионатта топ жарды

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкері Балғынбек Мырзабек WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында «Өнеркәсіп автоматикасы» бойынша бірінші орын иеленді.

Байқау Астанада өтіп, елдің түрлі өңірінен жиналған үздік жас мамандардың басын қосты.

«Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында ұйымдастырылған чемпионат сегіз күнге созылып, 825 қатысушы бағын сынады. Бағалау WorldSkills халықаралық талаптарына сәйкес жүргізілді.

Балғынбек Мырзабек – Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің түлегі. Қазір Дөң тау-кен байыту комбинатының №3 жөндеу цехында жұмыс істейді. Биыл чемпионатқа екінші рет қатысып, былтырғы тәжірибесін жеңіске ұштастыра білді.

Дайындықтың басым бөлігі колледж базасында өтті. Ал өндірістегі бір жылдық жұмыс тәжірибем қауіпсіздік, жауапкершілік және тәртіптің қаншалық маңызды екенін үйретті. Бұл дағдылар чемпионаттағы нәтижеме тікелей әсер етті, – деді ол.

Чемпионатқа Дөң комбинатының тағы бір өкілі Владислав Молодцов та қатысып, «Мехатроника» бойынша сарапшы болып, қатысушылардың жұмысын бағалады.

Айта кетейік, жақында «Кәсіби маман» республикалық байқауында Дөң тау-кен байыту комбинаты Қазақстандағы ең үздік кадр даярлайтын кәсіпорын, ал Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі елдің ең үздік оқу орны деп танылды. Комбинат пен колледждің 40 жылдан астам уақытқа созылған серіктестігі аясында студенттер кәсіпорында тәжірибеден өтіп, оқу орнының материалдық-техникалық базасы тұрақты түрде жаңартылып келеді.

Оқи отырыңыз

ERG компаниясы үздік жеткізуші-серіктестерін марапаттады

Eurasian Resources Group қалыптасқан дәстүр бойынша жыл соңында компанияның үздік жеткізуші-серіктестерін марапаттады. Биыл ERG кәсіпорындарына тауар жеткізіп, жұмыс пен қызмет көрсеткен барлық жеткізушілер ERG...

ERG жаңа кезеңі: Жапония конгломераттарымен келісім компанияны қалай дамытады?

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары аясында Eurasian Resources Group (ERG) жапонның жетекші конгломераттары – Mitsubishi, Hitachi және Mitsui компанияларымен келісімге қол...

Өндіріс басшысының ерекше өмірлік пәлсапасы

Таңғы бесте оянатын әдет… Фабрика қақпасынан естілетін үн… Жұмысшылардың табаны тиген жер… Бір кездері бала арманын тербеткен сол көріністер бүгінде оның өмір жолын айқындаған...