ERG компаниясы үздік жеткізуші-серіктестерін марапаттады

Eurasian Resources Group қалыптасқан дәстүр бойынша жыл соңында компанияның үздік жеткізуші-серіктестерін марапаттады. Биыл ERG кәсіпорындарына тауар жеткізіп, жұмыс пен қызмет көрсеткен барлық жеткізушілер ERG Supplier Award байқауына автоматты түрде қатысты.

Байқауға қатысушылардың қай жерде орналасқанына шектеу қойылмады, ал жеңімпаз сапа мен баға үйлесімін ERG Коммерция орталығының бас директоры Руслан Мулюкбаевтың айтуынша, геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, топтың сатып алуларға қойылатын талаптары жоғары деңгейде сақталып отыр.

«Қазір бизнес, соның ішінде тау-кен металлургия саласы да, геосаяси факторлардан туындаған аумалы-төкпелі жағдайда жұмыс істеп жатыр. Мұндайда серіктесті дұрыс таңдау өндіріске ғана емес, туған қаламыздың болашағына да әсер етеді. ERG Supplier Award – атқарылған іске берілген алғыс әрі ұзақ жылдар бойғы сенімді серіктестікке көрсетілген құрмет», – деді ол.

ERG отандық өндірушілерден сатып алу үлесін жүйелі түрде арттырып келеді. 2025 жылы қазақстандық жеткізушілерден 1,3 трлн теңгеге жуық тауар мен қызмет сатып алынған. Бұл жалпы сатып алулар көлемінің 70 пайызы. Мұндай көрсеткіш ірі бизнестің жергілікті өндірушілерге деген сенімі мен олардың кәсіби деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

Импортты алмастыру және жергілікті өндірісті қолдау мақсатында ERG офтейк-келісімшарттар тәжірибесін де жалғастырды. 2025 жылы жалпы сомасы 19,1 млрд теңге болатын келісімшарт жасалса, 2021–2025 жылдар аралығында мұндай келісімдер саны 72-ге жетіп, жалпы құны шамамен 55 млрд теңге болды.

Сонымен қатар, компания ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға басымдық беріп отыр. Қазақстандық өндірушілермен жалпы сомасы 196 млрд теңгеге 951 келісімшарт жасалған. Бұл бағытта салалық қауымдастықтармен, оның ішінде Қазақстан машина жасаушылар қауымдастығымен әріптестік ерекше рөл атқарды.

Серіктестік аясында «Промпривод» ЖШС-мен редукторлар жеткізу және өндіру бойынша келісімшарт жасалса, «СВС-Модуль» ЖШС (металл конструкцияларын әзірлеу, оларды орнату мен монтаждау), «Жігермұнайсервис» ЖШС (жабдықтарға қосалқы бөлшектер жеткізу және жүк түсіру торбасын жеткізу), «РММЗ» ЖШС (жабдықтарға қосалқы бөлшектер) сияқты бірқатар отандық компаниямен ынтымақтастық орнаған.

ERG Supplier Award бастамасы серіктестер арасындағы сенімді нығайтып, жоғары кәсіби біліктілік танытқан компанияларды қолдауды мақсат етеді. Бұл жобаны ERG-дің тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы бірыңғай орталығы – ERG Коммерция орталығы ұсынған. 2016 жылдан бері орталық сатып алу процестерінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар жүйелі бастамаларды іске асырып келеді.

2024 жылы «Энергетикалық жабдықтар» аталымында жеңімпаз атанған «Таврида Электрик Астана» ЖШС өкілі Семен Завгородний марапаттың серіктестіктің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын көрсететінін атап өтті. Ал 2025 жылы «Сүзгі материалдары» аталымында жеңіске жеткен «Техноткань» ЖШС өкілі Сергей Сыченко бұл марапат отандық өнімнің жоғары стандарттарға сай екенін дәлелдейтінін айтты.

Оқи отырыңыз

ERG жаңа кезеңі: Жапония конгломераттарымен келісім компанияны қалай дамытады?

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары аясында Eurasian Resources Group (ERG) жапонның жетекші конгломераттары – Mitsubishi, Hitachi және Mitsui компанияларымен келісімге қол...

Өндіріс басшысының ерекше өмірлік пәлсапасы

Таңғы бесте оянатын әдет… Фабрика қақпасынан естілетін үн… Жұмысшылардың табаны тиген жер… Бір кездері бала арманын тербеткен сол көріністер бүгінде оның өмір жолын айқындаған...

Қарапайым инженерден ұлттық энергетика көшбасшысына дейін

Қазақстан тәуелсіздігін енді алып, ел экономикасы бір жүйеден екіншісіне ауысып жатқан аласапыран жылдар. Жұмыссыздық, тоқтап тұрған зауыттар, белгісіз болашақ... Дәл осы тарихи кезең бір...