Астанада өткен XV халықаралық Astana Mining & Metallurgy конгресі аясында Eurasian Resources Group (ERG) пен ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геология комитеті геологиялық деректерді тапсыру туралы келісімге қол қойды.
Бұл құжат аясында ERG тарихи геологиялық есептердің электронды каталогын мемлекетке тапсырады.
ERG кәсіпорындары өндірістік проблемаларды шешуде Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушыларға арналған бірыңғай minerals.gov.kz тұғырнамасын қолданады. Мұнда түрлі геологиялық есеп жинақталғанымен, нақты бір жүйеге келтірілмеген.
Жақында ERG Геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ұсыну жөніндегі ұлттық оператор «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ, «Запказнедра» мен «Севказнедра» аймақаралық департаменттерінің республикалық және аймақтық геологиялық қорларынан алынған құпия емес геологиялық есептерді цифрландарып, жүйеледі.
ERG компаниясы осы уақытқа дейін Қостанай мен Ақтөбе облыстарында 1934 жылдан бастап жинақталған 898 геологиялық есепті цифрландырып, жүйеледі. Каталогта мәтіндер мен графикалар сұрыпталып, негізгі сөздер бойынша іздеуге мүмкіндік беретін ыңғайлы жүйе жасалған. Енді қолданушылар геологиялық каталогты веб-қосымша арқылы да қарай алады.
Сонымен қатар Arcgis платформасына байланған геологиялық карталар да электронды форматта ұсынылады. Бұл деректер minerals.gov.kz бірыңғай платформасында қолжетімді болады.

Компания геологиялық есептерді талдауға кететін уақыт пен ресурсты үнемдеп, деректерді өңдеуді жеңілдетіп, каталогты ҚР ӨжҚМ геология комитетінің иелігіне табыстады.
ERG компаниясының геологиялық есептердің электронды каталогын мемлекет меншігіне беруі – Қазақстанның геология саласын дамытудағы маңызды қадам, — деп атап айтты ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров.
Оның айтуынша, мұндай жобалар стратегиялық шешімдер қабылдауда геологиялық деректердің қолжетімділігі мен нақтылығын арттырады.
Ал ERG компаниясының Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов бұл қадам геологиялық барлау саласын дамытуға серпін беретінін жеткізді. Ол ERG тарапынан платформаны жаңа есептермен толықтырып, геологиялық карталарды векторизациялау жұмысы жалғаса беретінін айтты.