Қазақстан ферроқорытпа өндірісінде әлемдік рекорд орнатты

Ақтөбе қаласында орналасқан ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ ферроқорытпа зауыты әлемдік рекорд жаңартты. Зауытта бір ғана технологиялық цикл барысында №43 электр доғалы пешінен 177 тонна жоғары көміртекті феррохром өндіріліп, бұл көрсеткіш әлемдік рекорд ретінде тіркелді. WORLD BOOK OF RECORDS (WBR) ұйымы бұл жетістікті ресми түрде бекітіп, рекорд тәуелсіз сарапшылар мен техникалық комиссияның қатысуымен тіркелді.

Бұрын мұндай пештер бір циклда 50-60 тонна өнім беретін болса, бұл рекордта өндіріс көлемі үш есеге жуық артқан. Еске салайық, зауыттың №4 цехындағы пештер – әлемдегі ең қуатты пештердің қатарында. Ақтөбе ферроқорытпа зауытында тіркелген бұл жетістік – зауыт инженерлерінің батыл шешімдері мен үздіксіз еңбегінің нәтижесі.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров рекордты тіркеу рәсіміне арнайы қатысты. 

«Бүгін біз тарихи оқиғаның куәсі болдық. Бұл – тек технологияның емес, адам еңбегінің, бірліктің және рухтың жеңісі. Қазақстандық металлургтердің кәсібилігі мен табандылығының нәтижесінде отандық өндіріс әлемдік деңгейге шықты», – деді ол. Әкім Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында мұндай жетістіктердің еңбек адамына деген құрметті арттыра түсетінін атап өтті.

Рекордты тіркеу тәуелсіз сарапшылардың бақылауымен, WORLD BOOK OF RECORDS (WBR) өкілдерінің, метрологиялық қызметтің және техникалық комиссияның қатысуымен өтті.

Бұл шараға ERG S.a.r.l. Директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов қатысты. Ол бұл оқиғаны «нағыз технологиялық жеңіс» деп бағалап, жетістіктің артында «адамдар, жанкешті жұмысшылар мен өз ісіне сенетін мамандар» тұрғанын айтты. Шухрат Ибрагимов қазақстандық металлургтарды металлург күнімен құттықтап, осы сала мамандарына денсаулық пен жаңа жетістіктер тіледі.

«Қазхром» ТҰК» АҚ ферроқорытпа зауыты

WORLD BOOK OF RECORDS ұйымының Азия және Африка елдері бойынша басшысы Қуандық Құдайбергенов рекордтың маңыздылығына тоқталып, ауыр өнеркәсіп саласында рекордтар сирек тіркелетінін, сондықтан бұл ерекше жағдай екенін мәлімдеді.

«Қазхром» ТҰК АҚ бас директоры Сергей Прокопьев зауыт командасының үлкен жұмысын атап өтті. Ал зауыт ұжымының атынан сөйлеген №43 пештің бригадирі Геннадий Кухарь: «Әрбір шығарылым – бұл үлкен жауапкершілік пен үйлесімді талап ететін командалық жұмыс. Бірақ дәл осы күні біз ерекше бір істі атқарып жатқанымызды сезіндік», – деді.

Еске салайық, бұл рекорд «Қазхром» компаниясының 30 жылдығы және елімізде жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылымен тұспа-тұс келіп отыр. Компания 2024 жылы 1,85 миллион тоннадан астам ферроқорытпа өндіріп, ең жоғары көрсеткішке жеткен болатын. Жақында ғана тіркелген жетістік компанияның тұрақты дамуын, өндірістік қуаты мен адами капиталының мықтылығын дәлелдейді.

Оқи отырыңыз

ERG баспана арқылы жұмысшыларға үміт, отбасыға тұрақтылық сыйлайды

«Үйі жоқтың – күйі жоқ» дейді халық. Ал тұрақты жұмысы мен жайлы баспанасы бар адамның өмірге деген сенімі артады. Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы...

ERG Рудныйдағы ауруханаға заманауи медициналық жабдық тарту етті

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Eurasian Resources Group Рудный көпсалалы қалалық ауруханасына Германияда жасалған жоғары дәлдіктегі уретерореноскоп сатып алуға арналған сертификат табыстады. Өңірдегі медицина инфрақұрылымын...

ERG Skills жұмысшы мамандардың жаңа буынын дайындайды

Жұмысшы мамандықтар – үнемі жаңа технологиялар мен өндірістік үдерістерге бейімделуді талап ететін, серпінді даму мен үздіксіз тәжірибе алмасуға мұқтаж сала. Сондықтан кәсіби шеберлік пен...