Ақсу ферроқорытпа зауытында цифрлық технологиялар стратегиялық құралға айналды. Қазір онда цифрлық жүйе қауіпсіздікті, тиімділікті, орнтықтылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге еңбек жағдайларын қолайлы әрі қауіпсіз етуге септеседі.
Зауыт директоры Мұсабек Мақашевтың айтуынша, цифрландыру мәселесі Ақсу ферроқорытпа зауыты үшін болашақ емес, бүгіннің күн тәртібі.
Барлық негізгі өндірістік бөлімше автоматтандырылған жүйемен жабдықталған. Шикізаттың келіп түсуінен бастап, өңдеу және дайын өнімді жіберуге дейінгі барлық кезең цифрланған. Былтыр цифрландыруға құйылған инвестициялар 1 миллиард теңгеден асты. Біз өндіріске цифрлық технологияларды енгізе отырып, отандық шешімдерді қолдануды арттырып, шетелге тәуелділікті азайтуды мақсат етіп отырмыз, — деді Мұсабек Мақашев.
Зауыттағы жетекші IT жобалардың қатарында Dispatch бар. Ол – теміржол көлігін басқару жүйесі.

Зауыттың теміржол қызметінде вагондардың қозғалысы мен орналасуын бақылау өте маңызды. Тек Ақсу ферроқорытпа зауытында жергілікті парк есебінен тәулігіне 900 вагонға дейін болуы мүмкін, — дейді жоба жетекшісі Дмитрий Родыгин.
Оның айтуынша, бұрын бәрі қолмен жасалған: Excel, қағаздар, қоңыраулар. Дамытушылар командасы қысқа мерзімде Dispatch уеб-қосымшасын жасап шығарған. Енді ол әр вагонның нақты уақыттағы орнын көрсетеді. Қабылдаушылар электронды жол парақтарын толтырып, хабарландырулар алады. 2-3 минуттың ішінде есеп жасайды. Ал бұрын бұл жұмысқа 40 минут кеткен.
Теміржолшылар жүйеде вагондар туралы барлық мәліметті көріп, уақытты үнемдейді. Алдағы уақытта бұл жобаны ERG-дің барлық кәсіпорындарына қолдану жоспарланған.
Цифрландырудың тағы бір ауқымды жобасы – MES ERG жүйесі. Ол өндірістеі жедел басқаруға көмектеседі. Бүгінгі таңда MES ERG арқылы Ақсу ферроқорытпа зауытындағы барлық 26 пеште жұмыс істейтін электронды пеш журналын жүргізу мүмкіндігі бар. Бұл агрегаттардың жұмысын бақылауға мүмкіндік береді. Жүйе пештердің ауысым немесе тәулік бойы қалай жұмыс істегенін толық көрсетеді.
Сонымен қатар ферроқорытпа пештері электродтарының жұмысын бақылау үшін MES жүйесінде бірнеше функционалды экрандар әзірленген. Ал CV арқылы электрод массасын салу процесі автоматты түрде бақыланады.
Цифрландыру Ақсу ферроқорытпа зауытындағы металл балқыту процесін да қамтыды. Өндірістегі құю машиналарын автоматтандыру жүйесі енгізілген. Бұл жүйе балқыту процесін автоматты түрде басқаруға мүмкіндік береді: шөміштің көлбеу бұрышын, конвейер жылдамдығын, сұйық ферроқорытпа ағынының қимасын, температураны өлшеп, реттейді. Бұл металлургтердің онсыз да қиын жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.
Ақсу ферроқорытпа зауытында автоматтандырылған медициналық тексерулер енгізілген. Енді металлургтердің ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі тексеруден өтуіне бірнеше минут қана уақыт кетеді. Бұл жобаны BTS командасы іске асырған. Жабдықтар қан қысымын, тамыр соғысы, температураны, тыныс алуда шығарылатын ауадағы алкоголь деңгейін өлшейді. Нәтижелер бірден корпоративтік qollab қосымшасына және «Евразия» медицина орталығына түседі. Егер көрсеткіштер нормадан ауытқып кетсе, дәрігерлерге жедел хабарлама келеді, олар дереу шаралар қабылдай алады. Бұл жоба өндірістегі қауіп-қатерлерді азайтып, сонымен бірге ауруларды ерте кезеңде анықтауға көмектеседі.
Сондай құрылғылар Ақсу ферроқорытпа зауытынданда 3 бөлімшеге 19 аппарат орнатылған. 2026 жылға дейін барлық цехты қамту жоспарланған.