ERG Қазақстандағы ірі «жасыл» энергетика жобаларының бірі «Хромтау» ЖЭС-ті іске қосты

Eurasian Resources Group (ERG) Қазақстандағы ең ірі жаңартылатын энергетика жобаларының бірі – қуаты 150 мегаватт «Хромтау» жел электр станциясының құрылысын толық аяқтады.

74 млрд теңгеден асатын инвестиция құйылған жобаны ERG Capital Projects компаниясы Қазақстанның Даму Банкінің қолдауымен жүзеге асырды. Нысан «Қазхром» ТҰК АҚ-ның Дөн кен байыту комбинаты маңында салынды және енді ERG Энергетика дивизионының құрамына кіреді.

Қазақстан Даму Банкі жаңартылатын энергетика бағытын қаржыландыруға мүдделі. Біз елдің декарбонизация мақсаттарына және энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосатын жаңа генерация көздерінің құрылысын қолдаймыз. «Хромтау» ЖЭС қаржыландыру – даму институттары мен бизнес бірігіп, Қазақстанның «жасыл» экономикасының негізін қалайтын ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатқанының айқын дәлелі, – деді Қазақстанның Даму Банкі Басқарма төрағасы Марат Елибаев.

Фото: ERG

Жаңа нысанда 24 турбина орнатылды. Станция жылына 500 млн кВт/сағаттан астам «жасыл» энергия өндіреді. Бұл атмосфераға 440 мың тоннаға дейін көмірқышқыл газының таралуын тоқтатып, 300 мың тоннадан астам көмір үнемдеуге мүмкіндік береді.

ERG Директорлар кеңесінің төрағасы, Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимовтың айтуынша, бұл – компанияның алғашқы жел энергетика жобасы әрі «жасыл» энергияға көшудің символы. Ал Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров станцияның өңір экономикасына қосар үлесіне тоқталып, 25 жаңа жұмыс орны ашылғанын атап өтті.

ESG – ERG үшін әрдайым басым бағыттың бірі. 2023 жылы компания өзінің Декарбонизация стратегиясын әзірлеп, оны Дубайда өткен COP28 Бүкіләлемдік климат саммитінде таныстырды.

Бүгінде аталған стратегия аясында жалпы құны 300 млн АҚШ долларына тең бірқатар жобалар іске асып жатыр. Темір кені дивизионында Қашар жылу орталығы газға көшірілді, Алюминий дивизионында буды тұтынуды қысқарту бағдарламасы енгізіліп, жаңа кальцинация пештері орнатылып, глинозем өндірісі жетілдірілді. Сонымен қатар Ақтөбе ферроқорытпа зауытында утилизациялық станция салынып жатыр. Ол қайталама энергия ресурстарын электрге айналдыруға мүмкіндік береді.

Стратегияны жүзеге асырудың жаңа кезеңі әрі қазақстандық металлургия үшін маңызды қадам – қуаты 150 МВт «Хромтау» ЖЭС-інің іске қосылуы болып отыр.

Оқи отырыңыз

Лисаков қаласында «Tugan Qala ERG» форумы өтті

Алпауыт компанияның дәстүрлі іс-шарасы қаланы көркейтуге бағытталған әлеуметтік жобаларды қорытындылауға арналды. Лисаков халқына ERG қолдауымен жүзеге асқан игі бастамалар таныстырылды. Кеншілер кентінде «Tugan Qala»...

ERG жаңа оқу жылында моноқалалардағы екі мектепке инвестиция жасады

Ақсу мен Хромтау қалаларындағы екі мектеп жаңа оқу жылын күрделі жөндеуден өтіп, толық қайта жабдықталған ғимараттарда қарсы алды. ERG компаниясы осы бағытқа 1,7 млрд...

ERG қолдауымен Рудныйда балаларға арналған инклюзия кабинеттері ашылды

Рудный қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетуге арналған жаңа кабинеттер пайдалануға берілді. Игі бастама Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының қолдауымен өткен «Run...