Қазақстандық сарапшы EuroSkills чемпионатында Best of Nation сыйлығын жеңіп алды

Данияда өткен EuroSkills Herning 2025 чемпионатында қазақстандық Айжан Зияданова WorldSkills халықаралық қозғалысының Best of Nation сыйлығына ие болды.

Айжан – ERG-дің IT еншілес компаниясы BTS-те жобаларды басқарушы. Ол бірнеше жылдан бері WorldSkills халықаралық қозғалысына «Веб-технологиялар» құзыреті бойынша сарапшы ретінде қатысып келеді.

Биыл байқауға Еуропаның 32 елінен 600-ден астам маман жиналды. Қазақстан құрамасы 25 бағытта сынға түсіп, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады.

Best of Nation сыйлығы ұлттық құраманың ең үздік өкіліне беріледі. 2025 жылдан бастап бұл марапат алғаш рет сарапшыларға да беріліп отыр.

«Қазақстан тарихында алғаш рет Best of Nation сыйлығын алу – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл еліміздің халықаралық аренадағы жетістігі», – деді Айжан Зияданова.

Айжан бұған дейін де бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болған. Атап айтсақ, EuroSkills Graz 2021-де қола медаль, WorldSkills Competition 2022 Special Edition-де қола медаль, EuroSkills Gdańsk 2023-те күміс медаль, WorldSkills Lyon 2024-те 4-орын және Шеберлігі үшін» медаль, EuroSkills Herning 2025-те 4-орын, «Шеберлігі үшін» медаль және Best of Nation жүлдесінің иегері атанды.

Қазақстандық сарапшы EuroSkills чемпионатында Best of Nation сыйлығын жеңіп алды
Қазақстандық сарапшы EuroSkills чемпионатында Best of Nation сыйлығын жеңіп алды

Оқи отырыңыз

ERG компаниясы үздік жеткізуші-серіктестерін марапаттады

Eurasian Resources Group қалыптасқан дәстүр бойынша жыл соңында компанияның үздік жеткізуші-серіктестерін марапаттады. Биыл ERG кәсіпорындарына тауар жеткізіп, жұмыс пен қызмет көрсеткен барлық жеткізушілер ERG...

ERG жаңа кезеңі: Жапония конгломераттарымен келісім компанияны қалай дамытады?

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары аясында Eurasian Resources Group (ERG) жапонның жетекші конгломераттары – Mitsubishi, Hitachi және Mitsui компанияларымен келісімге қол...

Өндіріс басшысының ерекше өмірлік пәлсапасы

Таңғы бесте оянатын әдет… Фабрика қақпасынан естілетін үн… Жұмысшылардың табаны тиген жер… Бір кездері бала арманын тербеткен сол көріністер бүгінде оның өмір жолын айқындаған...