ERG және BTS қызметкерлері «Үздік цифрландырушы» атанды

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ERG және BTS компаниясының бес маманын саладағы ең жоғары марапаттардың бірі – «Үздік цифрландырушы» медалімен марапаттады.

Медаль Астанада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні қарсаңында өткен Digital Drive шарасы аясында табысталды.

Биыл алғаш рет Eurasian Resources Group (ERG) және оның еншілес ІТ компаниясы Business & Technology Services (BTS) өкілдері Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ведомстволық наградасының иегері атанды.

Марапатты премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев табыстады. «Үздік цифрландырушы» медалімен ERG және BTS-тің бес қызметкері марапатталды. Олардың қатарында ERG бас директордың цифрландыру және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Еркен Шназбаев, ІТ-инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Таир Жантикин, ІТ-инфрақұрылымын қолдау басқармасының басшысы Жандос Үтепов, цифрлық шешімдерді әзірлеу және енгізу басқармасының басшысы Елена Забурдяева және GenAI жүйелерін әзірлеу бөлімінің басшысы Роман Марченко бар.

ERG
Фото: ERG

Бас директордың цифрландыру және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Еркен Шназбаевтың айтуынша, компания кәсіпорындарын цифрландыру – жай ғана сәнді үрдіс емес, бүкіл топтың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын айқындайтын стратегиялық бағыт.

Қазіргі заманғы цифрлық шешімдер өндірістік процестердің тиімділігін, ұтымды басқарылуын және қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл елдің өнеркәсібі мен экономикасының дамуына нақты үлес қосады. Осындай жоғары марапат – біздің еңбегімізді ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның нақты секторын цифрлық трансформациялаудағы ERG рөлін мойындау, — дейді ол.

Еске салайық, ERG компаниялар тобының барлық негізгі цифрлық шешімдері BTS-тің жеке ІТ командасы арқылы әзірленіп, енгізіледі. 2009 жылы құрылған Business & Technology Services бүгінде мыңнан астам қызметкерді жұмыспен қамтып отыр. Компанияның жобалар портфелінде 30-дан аса ірі жоба бар.

Оқи отырыңыз

ERG компаниясы үздік жеткізуші-серіктестерін марапаттады

Eurasian Resources Group қалыптасқан дәстүр бойынша жыл соңында компанияның үздік жеткізуші-серіктестерін марапаттады. Биыл ERG кәсіпорындарына тауар жеткізіп, жұмыс пен қызмет көрсеткен барлық жеткізушілер ERG...

ERG жаңа кезеңі: Жапония конгломераттарымен келісім компанияны қалай дамытады?

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары аясында Eurasian Resources Group (ERG) жапонның жетекші конгломераттары – Mitsubishi, Hitachi және Mitsui компанияларымен келісімге қол...

Өндіріс басшысының ерекше өмірлік пәлсапасы

Таңғы бесте оянатын әдет… Фабрика қақпасынан естілетін үн… Жұмысшылардың табаны тиген жер… Бір кездері бала арманын тербеткен сол көріністер бүгінде оның өмір жолын айқындаған...