Ақсу-1 теміржол станциясын реконструкциялау жобасы аяқталды

Павлодар облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыратын Ақсу-1 теміржол станциясын реконструкциялау жобасы толық аяқталды. Осылайша өңірдің көлік инфрақұрылымында маңызды жаңару кезеңі басталды.

Жаңғыртылған нысан вагондар мен локомотивтердің тұру уақытын қысқартуға, жүк айналымын тұрақты өсіруге, пойыздарды өңдеу жылдамдығын арттыруға және станцияның өткізу қабілетін 40 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ақсу-1 станциясы ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты мен «ЕЭК» АҚ үшін негізгі логистикалық торап. Жүк ағындарының жоғары болуы және маневрлік жұмыстың көп жылдар бойы қарқынды түрде жүргізілуі станцияда тұрып қалу тәуекелдерін арттырып, пайдалану тиімділігіне әсер еткен еді. Осы мәселелерді шешу мақсатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және ERG кәсіпорындары – «ТрансКом» ЖШС, «Қазхром» ТҰК» АҚ және «ЕЭК» АҚ бірлесіп ірі реконструкция жобасын жүзеге асырды.

Жоба аясында өндірістік процестерді оңтайландыруға бағытталған кең көлемді құрылыс және техникалық жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, жеті жол ұзартылып, екі жаңа теміржол желісі салынды. Нәтижесінде 5,5 шақырымнан астам рельс-шпал торы төселіп, 25 стрелкалық ауыстыру орнатылды. Сонымен қатар ұзындығы 1,5 шақырымнан асатын жаңа және қолданыстағы байланыс желілері жаңартылып, сигнализация, орталықтандыру және бұғаттау жүйелері толықтай қайта жабдықталды. Жалпы 9 шақырымнан астам кабель тартылып, орталықтандыру бекетіне жаңа пульт-табло орнатылды.

Қазір құрылыс толық аяқталып, станцияда іске қосу-реттеу шаралары жүргізіліп, жүйелердің жұмысқа қабілеттілігі тексеріліп жатыр.

«Бұл біз үшін тек аяқталған жоба ғана емес, тасымалдау процесіне қатысушылар арасындағы сенімнің нығаюы. Біз маңызды инфрақұрылымдық торапты жаңартып, оны бұрынғыдан да тиімді, тұрақты және қауіпсіз еттік. Бұл – ERG кәсіпорындарының, өңірдің дамуы мен серіктестеріміздің жайлылығы үшін жасалған маңызды үлес», – деді «ТрансКом» ЖШС бас директоры Ердоc Қашаганов.

Оқи отырыңыз

ERG компаниясы үздік жеткізуші-серіктестерін марапаттады

Eurasian Resources Group қалыптасқан дәстүр бойынша жыл соңында компанияның үздік жеткізуші-серіктестерін марапаттады. Биыл ERG кәсіпорындарына тауар жеткізіп, жұмыс пен қызмет көрсеткен барлық жеткізушілер ERG...

ERG жаңа кезеңі: Жапония конгломераттарымен келісім компанияны қалай дамытады?

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары аясында Eurasian Resources Group (ERG) жапонның жетекші конгломераттары – Mitsubishi, Hitachi және Mitsui компанияларымен келісімге қол...

Өндіріс басшысының ерекше өмірлік пәлсапасы

Таңғы бесте оянатын әдет… Фабрика қақпасынан естілетін үн… Жұмысшылардың табаны тиген жер… Бір кездері бала арманын тербеткен сол көріністер бүгінде оның өмір жолын айқындаған...