ERG Skills жұмысшы мамандардың жаңа буынын дайындайды

Жұмысшы мамандықтар – үнемі жаңа технологиялар мен өндірістік үдерістерге бейімделуді талап ететін, серпінді даму мен үздіксіз тәжірибе алмасуға мұқтаж сала. Сондықтан кәсіби шеберлік пен жаңашыл көзқарасқа ие мамандарды даярлау аса маңызды. Осы орайда Eurasian Resources Group қызметкерлер мен студенттер арасында жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылықты арттыру, кәсіби өсуге ынталандыру және үздік тәжірибелерді ортаға салу мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде ERG Skills байқауын ұйымдастырып келеді.


Eurasian Resources Group қызметкерлер мен студенттер

Байқау ERG кәсіпорындары орналасқан қалаларда өтеді. Байқауға кәсіпорынның жас қызметкерлері мен ERG және Колледждер альянсына мүше оқу ордаларында білім алып жүрген жастар қатыса алады. Байқау WorldSkills стандарттары бойынша өтеді және жұмысшы мамандықтар саласындағы кәсіби біліктіліктің эталоны ретінде танылып үлгерді деуге болады. Шараның басты мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру. Бұл Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ерекше маңызға ие.

ERG Skills – кәсіби мансапқа жолдама

ERG Skills – кәсіби мансапқа жолдама

ERG Skills – бұл тек байқау емес, сонымен қатар қызметкерлердің кәсіби деңгейін бағалау мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін платформа. Биылғы ERG Skills та тың идеялармен, жаңа үміткерлермен және жоғары дайындықпен ерекшеленді. 

Байқауға ERG құрамындағы әр түрлі кәсіпорындардан жас мамандар қатысты. Қатысушылар өндірісте қолданатын дағдыларын іс жүзінде дәлелдеп, қауіпсіздік техникасын сақтау, нақты тапсырмаларды қысқа мерзімде орындау және заманауи құрал-жабдықтарды тиімді қолдану қабілетін көрсетті. Байқаудың басты мақсаты – өндірістегі үздік мамандарды анықтап қана қоймай, олардың кәсіби өсуіне жол ашу. Мысалы, былтырғы жеңімпаздар Қытайға барып, шетелдік тағылымдамадан өтіп қайтты. Бұл тәжірибе олардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, өз саласындағы озық технологияармен танысуға мүмкіндік берді.

Ал байқауда жеңімпаз атанған студенттерге болашақта ERG кәсіпорындарына жұмысқа қабылдану барысында басымдық беріледі. Бұл – байқауға қатысушы жастар үшін үлкен мотивация әрі кәсіби мансапқа жолдама. Сөзіміздің нақты дәлелі – кезінде ERG Skills байқауында жеңімпаз атанған Әсет Әбілов. Жас болса да, ол бүгінде ERG кәсіпорындарының бірінде мастер қызметін атқарып жүр. 2023 жылғы байқау жеңімпазы Герман Кресс те ERG компаниясына жұмысқа орналасып, енді өзі жастарға жол көрсететін сарапшы-компатриот ретінде еңбек етіп жүр.

«Жұмысшы маман үшін жеңіс – бір күннің жемісі емес»

Кәсіби шеберлікті шыңдау – әр маман үшін маңызды. Бұл жолда өз біліктілігін үнемі дамытып, тәжірибесін тереңдетіп жүрген жастар аз емес. Солардың бірі – «Қазақстан алюминийі» АҚ электр станциясының қызметкері, ERG Skills кәсіби байқауының жүлдегері Қайсар Дәулетбай. Ол өз жетістігімен ғана емес, кәсіби көзқарасымен де әріптестеріне үлгі. Оның бұл кәсіпорында жұмыс істеп жүргеніне жарты жылдан астам уақыт болған. Жас маманның айтуынша, бұл кезең – оның еңбек жолындағы алғашқы әрі маңызды баспалдақтардың бірі.

«Қазақстан алюминийі» электр станциясында еңбек етіп жүргеніме жарты жылдан асты. Осы уақыт аралығында жұмысқа деген жауапкершілікті, нақты тәртіп пен ережелердің маңызын түсіндім. Қарапайым техникалық тапсырмалардың артында үлкен қауіпсіздік пен кәсібилік жатқанын ұқтым», – дейді ол.

ERG Skills байқауына қатысуды оған жұмыс орнындағы басшысы ұсынған екен. Бұл ұсыныс жас маманға күтпеген жерден келсе де, ол мүмкіндікті жібермей, бақ сынап көргісі келген.

«Басшым байқауға қатысу туралы айтқанда бірден келістім. Өз-өзімді тексеріп, шеберлігімді бағалауға, одан әрі шыңдауға тамаша мүмкіндік деп ойладым. Оның үстіне, кәсіби ортада бағаланудың өзі – жастар үшін үлкен мотивация», – дейді Қайсар Дәулетбай.

Байқауда жас маман түрлі сынақтардан өтіп, өз саласына қатысты нақты тапсырмаларды орындады. Оның айтуынша, жүлдегер атануына ең әуелі жұмысына деген жауапкершілік әсер еткен.

«Менің бұл байқауда жақсы нәтиже көрсетуіме күнделікті жұмыс барысында жинаған дағдыларым, әр тапсырмаға мұқият қарап, тез әрі нақты шешім қабылдай білу қабілетім көмектесті деп ойлаймын. Бұл жеңіс – бір күннің немесе бір айдың жемісі емес, бұл – тұрақты еңбектің нәтижесі», – дейді ол.

Жас маман мұндай байқаулардың кәсіби дамуға ғана емес, тұлғалық өсуге де әсері мол екенін айтады.

«Бұл байқау менің өзімді бағалауыма, кәсібилігімді шыңдауыма сеп болды. Сонымен қатар, жаңа адамдармен танысып, тәжірибе алмасуыма да жол ашты. Жалпы, мұндай байқаулар жұмысшылардың өз мамандығына деген құрметін арттырып, болашаққа деген сенімін нығайтады деп есептеймін», – дейді байқау жүлдегері.

Оның айтуынша, кәсіби шеберлікке бағытталған осындай сайыстар жастардың бойындағы еңбекке деген сүйіспеншілікті оятып, жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтереді. 

ERG ұйымдастырған ERG Skills байқауы жастардың кәсіби әлеуетін дамытып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі. Ал біздің кейіпкеріміз Қайсар Дәулетбайдың еңбек жолы – мақсаттың орындалғанының дәлелі. Оның табысты еңбек жолы – жауапкершілік, табандылық және үнемі даму жолындағы ұмтылыстың нәтижесі. Ал байқау – тек бәсеке емес, тәжірибе мен сенімділіктің, жауапкершілік пен жетістікке ұмтылыстың алаңы.

Оқи отырыңыз

ERG Tugan Qala жобасы арқылы моноқалалардың дамуына қандай үлес қосып жүр?

Қаланың дамуы тек әкімдік пен мемлекеттік бағдарламаларға ғана емес, сол қалада тұратын тұрғындардың белсенділігі мен қаланы көркейтуге деген ынтасына да байланысты. Әсіресе шағын қалаларда...

Жұмысшы мамандар кәсіби өсе ала ма? ERG-дегі мамандардың әңгімесі

Eurasian Resources Group жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, қазір жастар үшін тұрақты жұмыс, жұмысқа сай жалақы және мансаппен өсу маңызды екен.  Ал жұмысшы мамандар кәсіби...

Қазақстан электролиз зауыты «қанатты» металдың төрт миллионыншы тоннасын шығарды

ERG құрамындағы Қазақстан электролиз зауыты «қанатты» металл өндірісін бастағаннан бері бастапқы алюминийдің мерейлі төрт миллиондық тоннасын өндірді. Бұл рекордқа ҚЭЗ металлургтері кәсіпорын іске қосылып, алғашқы...